$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Қайтарылған активтер:СҚО-да 33 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр

AstanaTV
23.05.2025ж. 19:24
83
Қайтарылған активтер:СҚО-да 33 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр

 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында заманауи балабақша салынып жатыр.

Бас прокуратура Үкіметпен бірлесіп Қазақстан халқының игілігі үшін активтерді қайтару бойынша ауқымды жұмыс істеп жатыр.

Бүгінгі таңда қайтарылған қаражат есебінен бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық шаруашылық салаларында бірқатар әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр.

Бұл жобалардың әрқайсысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қадам.

— Солтүстік Қазақстан облысында осындай жарқын мысалдардың бірі — Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында заманауи балабақша салынып жатыр. Бұл нысан 280 балаға есігін ашып, оларды ерте даму мен сапалы мектепке дейінгі білім алу үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру қадағалау органының бақылауында. Орнатылған бейнебақылау камераларының арқасында прокуратура қызметкерлері онлайн режимде құрылыс жұмыстарының барысын бақылайды және кез келген заң бұзушылықтарға жедел ден қояды, — делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше мұндай цифрлық тәсіл оң нәтиже беріп жатыр. Мердігерлік ұйымның жауапкершілігі мен тәртібі артқан.

Бұдан басқа, Үкімет Солтүстік Қазақстан облысы үшін ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтаудың таратушы желілерін салуға және реконструкциялауға бағытталған қосымша 32 жобаны мақұлдады.

Осы жобаларды іске асыру мыңдаған ауыл тұрғындарын халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер ететін ресурс — таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.