Көкшетауда 23 жасар жігіт бастығын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Көше мен ауладағы бейнебақылау камераларына ер адамның марқұмды гаражға апарған сәті түсіп қалған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті оны гаражда өлтірген көрінеді. Мәйітін күні бойы көлігіне салып жүрген. Ал түнде Станционный ауылына апарып көміп тастаған. Қазір күдіктіге қатысты адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғалды.
АЛМАГҮЛ ТУРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Полиция қызметкерлері күдікті көрсеткен бағытпен орын бойынша зорлық-зомбылық өлім белгілері бар хабар ошарсыз кеткен адамның мәйітін тапты. Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.