$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Павлодарда баланы дұрыс сүндеттемеген дәрігер сотталды

23.05.2025ж. 20:00
49
Павлодарда баланы дұрыс сүндеттемеген дәрігер сотталды

Павлодарда баланы дұрыс сүндеттемеген хирург сотталды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Естеріңізге салайық, оқиға осыдан 2 жыл бұрын болған. Дәрігер 5 жастағы баланы сүндеттеу кезінде  бүлдіршіннің жыныс мүшесіне зақым келтірген. Салдарынан баланың қуық жолы бұзылып, дәретке бара алмай қалған. Ата-анасы  дәрігерге қатаң жаза беруін сұрап,  үндеу жариялаған еді.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша дәрігерге қатысты қылмыстық істі қарады. Осыған байланысты, сот ер адамға пробациялық бақылау белгілеумен міндеттер жүктеп және мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, хирург 1 жыл мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.