Қостанай облысы Аманқарағай орманындағы күйген ағаштарды кесу жұмыстары алты айдан бері тоқтап тұр. Бұл іске білек сыбана кіріскен 150 бригада қазір қол қусырып отыр. Кәсіпкерлер биылғы учаскелер аукцион арқылы берілетінін айтады. Жаңа ереженің енгізілуі келеңсіз жағдай тудырып отыр.Мәселенің мәнісін тілшіміз Заңғар Санай тарқататды.
3 жыл бұрынғы алапат өртте Әулиекөл ауданы аумағындағы 40 мың гектардан астам орман алқабы жанып кетті. Сол тұста мемлекет басшысы қысқа мерзімде орман ішін тазартып шығуды міндеттеген еді. Жұмыс қызу басталды. 150 бригада ағаш кесумен айналысты. Аудан орталығында 70-ге жуық ағаш тілгіш цехтар ашылды.Енді соның бәрінде жұмыс тоқтап тұр. Жыл басынан ағаш кесуге тыйым салынған көрінеді.
НҰРЛАН ИСАХАНОВ, КӘСІПКЕР:
Біз досымыз екеуіміз аштық үш пилорама, одан кейін тағы да екі пилорама қойдық. Бес пилорама ғой. Соның бәрін ақшаға алдық қой. Жұмысшы адамдар бар.Ағаш жоқ, соответственно жұмыс жоқ.
БӘКІБАЙ ОМАРОВ, КӘСІПКЕР:
Тракторларымыздың көбісінікі лизингте. Оның бәрін төлеу керек. Қазір мынау ағаш құлап, шіріп өтпейтін болса, қалады ғой ол мойнымызда. 0149 Аукционды күтіңдер дейді. Бітті. Бір әңгіме аукцион. Ал ол аукцион әне болады, міне болады. Сол әлі апрельден бері келе жатыр.
Мамандардың айтуынша, күйген ағашты үш жылдың ішінде кесіп алу керек. Одан кейін шіріген тал ешқандай кәдеге жарамай қалады.Орман шаруашылығы басшысының айтуынша, үш жылдың ішінде от шалған ағаштардың шамамен 30-40 проценті оталған. Әлі де қара күйе қарағайдың қарасы көп. Бұдан былай келісім-шартпен емес, учаскілер аукцион арқылы бөлінетін болған.
ҚАЛЫМЖАН ҚАЗБЕКОВ, «СЕМИОЗЕР ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫ:
Негізінде қазір бізде 337 делянка дайын уже, отвод өткізілген бағандары тұр. Перечеттары бар, документтері дайын. Обьемы шамамен 350 мың кубтай. Бәріңізге жетеді. Заң бойынша ғой. Біз бағасын қоймаймыз, оны независимая экспертиза қояды. Бізден құжаттарды алып, қарап, нетіп жатыр.
Бәс сауданың қашан өтетіні белгісіз.Өрт шалған алқапта жас өскіндер бүр жара бастаған.Тал-шыбықтың тамырланып кетуі үшін орман ішін күйген ағаш қалдықтарынан тезірек тазарту маңызды болып тұр.