×

CodiPlay - болашақтың білім платформасы

23.05.2025ж. 20:00
347
CodiPlay - болашақтың білім платформасы
Қазақстандық стартап әлемдік деңгейге көтерілді. CodiPlay — балаларға арналған отандық білім беру платформасы. Ол оқушыларды ойын арқылы бағдарламалау мен робототехника негіздеріне үйретіп қана қоймай, мұғалімдердің кәсіби дамуына да үлес қосуда. Бүгінде бұл жоба әлемнің 600-ден астам мектебінде қолданылып келеді.

Жоба аясында оқушылар тек бағдарламалауды үйреніп  қоймай, нақты құрылғылармен жұмыс істеп, логикалық және құрылымдық ойлау қабілетін дамытады. CodiKit жиынтықтары арқылы   жарық шамынан бастап, «ақылды» үй жүйесіне дейінгі 56 түрлі IoT-гаджетті құрастыра алады.

БОЛАТ ЖАНАЙХАНҰЛЫ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Коди плей біздің мектепке 1 жарым жыл болды алғанымызға. Бұл жерде баланың тек бағдарлауына ғана емес, баланың маторикасының дамуына баланың ойлау қабілетінің өсуіне баланың жаңағы шапшаң епті болуына, ол бір ғана бағдарламаға емес, баланың жан жақты дамуына үлкен үлес қосып жатыр.  

Жақында Қазақстан мен Өзбекстан мектептері арасында «CodiPlay - мен болашақ жобасы» атты байқау өтті. Оқушылар CodiKit құрылғылары арқылы IoT-гаджеттер жасап, бейнежобаларын ұсынған.  

ДАНИЯРБЕК ДОЛЛАЕВ. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:

Мынау жер сілкінісі туралы аппарат. Бұл мынаған батарея   қосылып тұрады. Мысалы оған үйстіп тоқты қоссақ мынау аппарат үйстіп сілкінгенде мынау қозғалады да мынау шайбаға тиеді. Мынау сым болса мынау шайбаға сигнал береді да, ол шайбадан ақ провот жалғанған. Ол мына жерге келеді да қызыл лампачкамен бузерға дыбыс береді да қызыл лампачка жанады ал мынау дыбыс шығарады. Сосын біз жер сілкінгенін сезе аламыз.

Байқау қорытындысы бойынша ең үздік жобалар төрт номинация бойынша марапатталды. Бас жүлде — 500 мың теңге, ал жеңімпаз командалардың жетекшілері Кореяда тағылымдамадан өтеді. Бұл – жас таланттар мен ұстаздар үшін  үлкен мүмкіндік.