$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Гарвардта білім алып жатқан шетелдік студенттер өзге университеттерге ауысуға мәжбүр

23.05.2025ж. 20:00
83
Гарвардта білім алып жатқан шетелдік студенттер өзге университеттерге ауысуға мәжбүр

Көптің арманындағы әлемге аты әйгілі Гарвард университеті бұдан былай шетелдік студенттерді қабылдамайды. Трамп әкімшілігі осындай бұйрық берді. Енді онда оқып жатқан мыңдаған білім алушы өзге университеттерге ауысуға немесе елден кетуге мәжбүр. Ал Израиль халықаралық сынның күшеюіне қарамастан Газа секторында кең ауқымды әскери операцияны жалғастыруда. Соңғы ауқымды соққылардан 100-ден астам адам қаза тапты. Толығырақ «Жер-жаһан» айдарында.  

Қайырлы кеш, көрермен! Жаһанның соңғы жаңалықтарын Мен Мөлдір Жақан баяндаймын. Газа секторындағы жағдай күннен күнге ушығып барады. Израильдің Газа солтүстігіне жасаған әуе соққыларынан 100-ден астам палестиналық көз жұмды. 250-ге жуық адам жарақат алды. Өңірдегі ауруханалардың 94% - ы зақымдалып, қираған. Солтүстік аймақта науқастардың қандай да бір медициналық көмек алуы мүмкін емес. Израиль әскері тұрғындарға оңтүстікке көшу туралы ескерту жасады. Қазірдің өзінде 100 мыңдай адам босып кеткен. Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметінше, елге гуманитарлық көмек жеткізілуде. Алайда 2,1 млн тұрғынның қажеттіліктерін толықтай өтеу үшін көмек жеткіліксіз дейді ұйым өкілдері.

Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетел студенттерін қабылдауға тыйым салды. Билік басындағылар бұл қадамды заңсыз белсенділік пен либерализмге қарсы күрес деп түсіндірді. Сөздерінше, аталған білім мекемесі зорлық-зомбылық пен антисемитизмді қалыптастыруға ықпал етеді. Университетте алмасу бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту құқын беретін сертификаттың күшін жою туралы тапсырма берілді. Енді оқу орнында білім алып жатқан мыңдаған шетелдік студент өзге университетке ауысуға мәжбүр. Болмаса,  елде қалу құқығынан айрылуы бек мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 қазақстандық оқып жатыр. Өзге бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет әзірге жоқ.

ТЭММИ БРЮС, АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 

Алтын стандартқа сай болуы тиіс бұл университеттер шын мәнінде білімді әрі қоғамда өз орнын табатын азаматтарды оқытып шығаруы керек, Бұл біз үшін маңызды. Кампустарда либерализм емес, білім алуға жағдай жасалуы тиіс.