$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

23.05.2025ж. 20:00
65
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Соңғы екі жылда бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылықты, суицидті және жасөспірімдер арасындағы қылмысты алдын алу мақсатында бірқатар шара қабылданды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Мемлекет басшысымен өткен кездесуде айтты. Заңнамаға 120 түзету енгізілді. Тексеріс барысында заңды бұзған 171азамат анықталды.  Қазір өңірлерде 112 отбасылық қолдау орталығы жұмыс істейды. Тағы «Қазақстан халқына» қоры серіктестерімен бірге 49 оңалту орталығы ашылды. Президент бала құқықтарын қорғауға кепілдік беру жүйесін нығайту үшін жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін айтты. Мектептердегі инклюзивті білім беру ісін дамытуды көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

ДИНАРА ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:

Осы жылы қабылданған заңдарға және қаралып жатқан заң жобаларына, балалардың қауіпсіздігіне қатысты, алимент мәселесіне қатысты, зорлық-зомбылықтың, қатігездіктің алдын алуға бағытталған  және балаларды қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған , жалпы, осы екі жылдың ішінде 120 түзету енгізді.  Қабылданған заңдардың орындалу сапасын тексеру үшін және балалардың құқытарын қорғау жүйесін тексеру үшін 13 өңірге, 73 елдімекенге жұмыс жүргізді.