Қоңырау соқты, "Алтын белгі" тақты, аттестат алды, оқу жылы артта қалды. Елдегі 3,9 млн-ға жуық оқушы үшін биылғы білім жылы аяқталды. Оның 217 мыңы мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне аттанады. Түлектердің 5%-і «Алтын белгіге» үміткер. Оқу маусымында өзге де жетістік пен табыс мол. Мәселен бір жыл ішінде елімізде рекордтық көрсеткіш - 257 жаңа мектеп ашылып, білім беру инфрақұрылымы кеңейді. Оқушылар халықаралық жарыстарда 362 медаль жеңді, оның 41-і алтын жүлде. Ендігі міндет - жазғы демалысты ұйымдастыру мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.