$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Қызылордада «AMANAT» партиясы жанындағы «Мiras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Қызылордада «AMANAT» партиясы жанындағы «Мiras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Қызылордада «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәденетті дамыту жөніндегі «MIRAS» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Онда мәденет саласында атқарылған жұмыстар  талқыланды. Соңғы 3 жылда аймақта мәдени нысандарды салу, қайта жаңғыртудан өткізу жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінде ескіріп, апатты жағдайға жеткен архив, кітапхана және мәдениет үйлерінің ғимарат мәселелері оңтайлы шешілген. Оларды бір нысанға шоғырландырып, 7 ауданнан 11 млрд 500 млн теңгеге «Руханият орталықтары» бой көтерді. Жиында осындай тың бастамалар айтылып қана қоймай, қатысушылар мен кеңес мүшелері пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қаладағы балалар кітапханасын заман талабына сай жабдықтау, тарихи нысандарды бұзбай, қайта жаңғырту мәселелері қозғалды.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «MIRAS» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсат -аймақтардағы зиялы қауым өкілдерінің, «Мирас» қоғамдық кеңесі мүшелерінің әшкә ойларын, пікірлерін, идеяларын, ұсыныстарын тыңдау. Кез келген үлкен бастама, идея осындай отырыстардағы ұсыныстардан бастау алады. Құзырлы органдарға, мәдениет және ақпарат министрлігіне және басқа да министрліктерге осы ұсыныстар сарапталып жолданылатын болады.


Кеңес төрғасы одан әрі партияның қалалық филиалында болып,  «Кітап аманат» жобасы бойынша жинақталған кітап бұрышымен танысты. «Бір толқында» диалог алаңында жастармен кездесіп, еркін пікір алмасты.