Қызылжар өңірінде «Гендерлік тепе-теңдік – татулық пен тұрақтылықтың негізі: тиімділік, талпыныс, трансформация» атты форум өтті. Онда нәзік жандылардың қоғамның дамуына қосып жатқан үлесі қозғалды. Бүгінде теріскейде шенеуніктердің 64 пайызы, ал сот жүйесіндегі мамандардың 72 пайыз үлесі әйелдерге тиесілі. Аудан және ауыл атқамінерлерінің арасында да нәзік жандылар жетерлік. Қызылжарда өткен алқалы отырысқа 300-ден астам адам қатысты. Форумға қатысушылар әйелдердің әрдайым өзгерістің қозғаушы күші екеніне тоқталды. Гендерлік саясатты ілгерілетудегі институционалдық тәсілдерді сөз етті.
ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Гендерлік теңдікке қатысты үкімет деңгейінде көтеріліп келді. Президенттің заң үстемдігі туралы жарлығының ішінде нақты көрсетілді. Әрбір облыста гендердік теңдікке қатысты бір маман-консультант беру туралы. Ол мәселе де қазір шешіліп жатыр.