$510.84 €579.7 ₽6.39
×

«Ырым болсын»: Маңғыстау облысының әкімі соңғы қоңырауда бір балаға галстугын шешіп берді

AstanaTV
24.05.2025ж. 08:16
60
«Ырым болсын»: Маңғыстау облысының әкімі соңғы қоңырауда бір балаға галстугын шешіп берді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақшұқыр мектеп-лицейінің соңғы қоңырауына қатысып, 11 жыл бойы жақсы баға алған Бекжан Аманқосқа галстугын сыйлып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімнің бұл ырымына қатысты видео әлеуметтік желіге енді таралып жатыр. Оқушыларға қарай жақындаған Нұрдәулет Қилыбай Бекжанның қолынан алып, оны өзіне қарай тартқан. Басқа балаларға «ренжімеңдер» деген ол Бекжанның озат оқушы екенін айтып, кезінде өзі де Бекжан сияқты, мектеппен дәл осылай қоштасып кеткенін есіне алды.

«Жігіттер, ренжімеңдер, бірақ Бекжан 11 жыл бойы топ жарып келді ғой. Біз де осы жігіттер сияқты қарапайым отбасыдан шығып, дәл осылай мектеппен қоштастық. Қазақта ырым бар ғой, Бекжан ертең біз сияқты президентті қарсы алып, президентке кіріп, алдында баяндама жасап, елдің жетістіктерін асқақтатып жүрсін деген ниетпен мен мойнымдағы галстугымды сыйлаймын. Осы жігітке біздің жолымызды берсін, ертең елдің мақтанышы болсын. Болашақта президенттің алдына ең бірінші рет барғанда осы галстукты тағып бар», - дейді Қилыбай.

Маңғыстау облысында 207 мектеп бар

Биыл Маңғыстау облындағы 207 мектепте он мыңға жуық оқушы алтын ұя мектебімен қоштасты. Оның ішінде 250 түлек – «Алтын белгіге», 562-сі «Үздік аттестатқа» үміткер. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 907 оқушы халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, 291 жүлде жеңіп алды – 2 бас жүлде, 57 алтын, 100 күміс, 132 қола медаль алды.