Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Кішкентай Әлижан ата-анасыз қалмайды

AstanaTV
05.07.2017ж. 20:00
3032
Кішкентай Әлижан ата-анасыз қалмайды

Оралдағы құрылыс алаңынан табылған кішкентай Әлижан ата-анасыз қалмайды. Қалалық білім беру бөлімі хабарлағандай, сәбидің әке-шешесі қайта қосылуы мүмкін. Ол үшін өзін бөбектің әкесімін деп таныстырған азамат шын мәнінде оның биологиялық әкесі екенін дәлелдеп, заңды түрде некеге тұруы керек. Енді ол баласын өзіне қайтарып алмақ. Айтуынша, ұлы жайлы ақпарат құралдарынан білген. Тіпті әйелі босанғанда жанында болғанын айтады. Бірақ екеуі заңды некеге тұрмаған. Ал осы уақыт ішінде бөбекті асырап алғысы келгендер көптеп хабарласыпты.

Ағиіс Бержанова, Орал қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі:

Заң бойынша бұл бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанымен, әлі де толық асырап алуға жатпайды. Өйткені ата-анасы бар. Олар өз бұл балаға қатысты өз құқықтарын дәлелдеу үшін шара алып жатыр.

Оралда құрылыс алаңынан нәресте табылғанын алдыңғы жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Бірер күннен соң оның анасы да белгілі болды. Полиция дерегіне сүйенсек,  ұлынан құтылмақ болған әйел салынып бітпеген үйдің жертөлесіне тастап кетеді. Мұны ата-анасына айтпаған. Оның ары қарайғы тағдырын сот шешеді.