Желідегі мәліметке сәйкес, қайтыс болған жасөспірім 11-сыныпта оқыған.
Алматы облысының Полиция департаменті адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, ол – жәбірленушінің сыныптасы.
- Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, полиция құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау үшін білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.
Бұл туралы kaz.inform.kz жазды.