×

LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді

AstanaTV
24.05.2025ж. 15:47
279
LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді

LRT-ның алғашқы екі вагоны Астанаға жөнелтілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

LRT-ға арнайы барлығы 19 жылжымалы құрам шығарылады. Автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі заманауи төрт секциялы ұшқышсыз пойыздардың әрқайсысына 650 жолаушыны қабылдай алады.

Вагондар Қытайдың теміржол саласындағы ең ірі әрі көне кәсіпорындарының бірі — 1881 жылы негізі қаланған "CRRC Tangshan" зауытында өндіріледі.

Алғашқы екі құрамды Астанаға жеткізу 2025 жылдың маусым айына жоспарланған. Қалған 17 бірлік осы жылдың соңына дейін жөнелтіледі. Желі қыркүйекте сынақ режиміндепайдалануға беріледі. 

"КСРО-дан сүйреп әкелген сияқты": LRT вагоны астаналықтар арасында қызу талқыға түсті (видео)

Астанадағы LRT желісінің алғашқы станциясы көрсетілді

CTS компаниясының мәліметінше, қазір Астанадағы LRT жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының көп бөлігі аяқталған. Қазір жол салу, станциялардың қасбеттерін орнату, эстакада тіректері мен арқалықтарын бояу, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада астындағы аумақты абаттандыру және депо құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.