$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Қазақстанның тағы екі ауылында алкогольден бас тартты

AstanaTV
24.05.2025ж. 18:38
79
Қазақстанның тағы екі ауылында алкогольден бас тартты
Фото: depositphotos.com

Солтүстік Қазақстан облысында екі ауылдың тұрғындары алкоголь өнімдерінен бас тартуға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Жамбыл және Шағырсай ауылдарында қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасалды – тұрғындар алкоголь өнімдерін тұтынудан және сатудан толық бас тартты. Екі ауылда өткен жиындарда барлық қатысушылар салауатты өмір салтына көшу туралы бастаманы бірауыздан қолдады.

Жергілікті дүкендер бұл шешімге түсіністікпен қарап, алкоголь өнімдерін сөрелерінен алып тастап, оны жеткізуді тоқтатты. Алкогольден бас тарту – прокуратура органдары, жергілікті билік және белсенді тұрғындардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Бұл қадам құқықтық тәртіпті нығайтып, өмір сүру сапасын арттыруда қоғамның нақты үлесін көрсетеді.

Бұған дейін, наурыз айында, Ақтөбе облысында тағы 33 ауыл алкогольден бас тартқаны хабарланған болатын. Ең көп салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдар Темір ауданында орналасқан – Қайыңды, Бабатай, Шыбұлақ, Ақсай, Бірлік, Шығырлы және Ащысай ауылдары спирттік ішімдіктерді сатуды тоқтатты.

Қызылорда облысында да 18 елді мекен салауатты өмір салтына көшкен. Кейбір ауылдарда соңғы үш жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.