«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге – 25–27 мамырға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің кей өңірінде жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, түнгі уақытта топырақ бетінде үсік түсуі мүмкін.
25 мамыр:
Ауа райы – бұлтты, кейде жаңбыр жауады
Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с
Температура – түнде +4+6°, күндіз +13+15°
26 мамыр:
Ауа райы – бұлтты, жауын-шашын
Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с
Температура – түнде +2+4°, топырақ бетінде үсік -2°, күндіз +12+14°
27 мамыр:
Түнде жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашынсыз
Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с
Температура – түнде +5+7°, күндіз +13+15°
Алматыда найзағай мен бұршақ күтіледі
Алматыда күн жылы болады, бірақ 26–27 мамыр күндері найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
25 мамыр:
Ауа райы – бұлтты, жауын-шашынсыз
Жел – солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с
Температура – түнде +13+15°, күндіз +25+27°
26 мамыр:
Таңертең және күндіз – жаңбыр, найзағай, бұршақ
Жел – солтүстік-шығыстан, 3–8 м/с, екпіні 18–23 м/с
Температура – түнде +15+17°, күндіз +20+22°
27 мамыр:
Түнде және күндіз – жаңбыр, найзағай, бұршақ
Жел – оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с, екпіні 15 м/с
Температура – түнде +11+13°, күндіз +21+23°
Шымкентте ауа температурасы жоғары, жаңбыр тек 26 мамыр күні таңертең жаууы мүмкін.
25 мамыр:
Жел – солтүстік-батыстан, 8–13 м/с
Температура – түнде +15+17°, күндіз +29+31°
26 мамыр:
Түнде және таңертең – жаңбыр, найзағай
Жел – солтүстік-батыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с
Температура – түнде +18+20°, күндіз +29+31°
27 мамыр:
Ауа райы – бұлтты, жауын-шашынсыз.
Жел – солтүстік-шығыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с
Температура – түнде +15+17°, күндіз +29+31°