Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турының алғашқы ойын күні өтті.
Аталған турды Алматыда жергілікті «Қайрат» (Алматы) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары бастады.
Кездесу барысында көкшетаулық клуб алғашқы болып есеп ашты. Алдымен 11-минутта Дәурен Жұмат пенальтиден есеп ашса, Страхиния Йованович 52- минутта есепіті үстемелей түсті.
Оған «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаев 56-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. Бұл - жас футболшының биылғы біріншіліктегі жетінші голы.
Осылайша «Қайрат» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Салдарынан қатарынан екінші кездесуде жеңістің ащы дәмін татты.
Тағы бір кездесуде «Астана» мен «Жеңіс» (Астана) командалары шеберлік байқасты. Кездесу барысында «Астана» сапынан Бранимир Калаица 14, Абзал Бейсебеков 76, Рамазан Кәрімов 88, Эльхан Астанов 90-минутта мергендік танытса, «Жеңіс» қатыран Зураб Тевзадзе 4, Адилио 31-минутта гол соқты.
Кездесу 4:2 есебімен «Астананың» басымдығымен аяқталды.
Сондай- ақ Шымкентте «Ордабасы» Жезқазғанның «Ұлытау» командасына 0:1 есебімен есе жіберді. Ойынның 45-минутына Жасұлан Молдақараевтың пенальтиден соққан голы жезқазғандық клубқа биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісті алып келді.
Ал 25 мамырда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ақтөбе», «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей), «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда), «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай) ойнайды.