$510.84 €579.7 ₽6.39
×

«Ағамыздың әруағы бір аунаған шығар…»: Қарақат Әбілдина жантебірентер жазба жариялады

AstanaTV
25.05.2025ж. 07:29
51
«Ағамыздың әруағы бір аунаған шығар…»: Қарақат Әбілдина жантебірентер жазба жариялады
Фото: видеодан кадр

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде шығармашылығындағы жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі жаңа әні жарыққа шыққанын айтты және оны күйеуі, әнші Қыдырәлі Болмановпен бірге орындаған видеосын жариялады.

Сонымен қатар Әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев туралы естелік айтты.

«Ескендір ағамыз «Ескірмеген махаббат» деп жырлап өтсе, біздер «Ескірмейтін махаббат» деп жалғадық. Жаңа әнімізді қабыл алыңыздар, жақсы адамдар! Асыл ағамыздың әруағы бір аунаған шығар… Тіршілігінде өте жақын сыйластық, батасын алдық. Алғаш дуэт болып «Айналайын» әнін орындап шыққанымызды білесіздер. Кейін жетігенмен «Келші, келші, балашым» әнін жазып тыңдатқанда балаша қуанып, бейнебаянымызға де түскен еді. Үшінші ұлымыздың тұсауын кесті. Алғаш мектеп ашқан кезде де лентасын өзі кесіп , балаларға ақ батасын беріп еді. Аңыз ағамыз мәңгі біздің жүрегімізде…», - деп жазды әнші.