Дубайға барып, өзінің тұсаукесер рәсімін өткізген бойжеткен жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, бойжеткеннің аяғына байланған жіпті кесіп, екі жағында тұрған екі адам ақ матаның үстімен жетектеп өтті. Ал рәсім барысында Жазира Байырбекованың «Тұсаукесер» әні орындалып тұр.
Бойжеткеннің бұл әрекеті жұрттың көңілінен шыға қойған жоқ. Олар оны қатаң сынға алды.
«Бұл не болды, сонда?», «Әр кім өз бетінше есінен адасып жүр», «Енді Мальдив аралдарында бесікке салу рәсімін өткізгенін күтеміз», «Ол не, осыған дейін жүруді білмеген бе?», «Не істерін білмей жүр», «Тұсауын тым ерте кескен жоқ па?» - деп жазды желі қолданушылары.