$510.84 €579.7 ₽6.39
×

АҚШ соты Трамптың Гарвардты шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айыру туралы шешімін бұғаттады

AstanaTV
25.05.2025ж. 09:18
60
АҚШ соты Трамптың Гарвардты шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айыру туралы шешімін бұғаттады
Фото: Dylan

Гарвардтағы шетелдік студенттердің оқуын алаңсыз жалғастыра бермек. Жұма күні америкалық сот Трамп әкімшілігінің Гарвард университетін шетелдік студенттерді қабылдау мүмкіндігінен айыруына уақытша тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Университет президенттің бұл саясатын Дональд Трамптың оқу орнынан "академиялық тәуелсіздіктен бас тартуға" келіспегені үшін кек алу әрекеті деп көрсетті.

Гарвардтағы шетелдік студенттер уақытша болса да оқуын жалғастырады.

Өткен жылы АҚШ-тың ең көне оқу орнында 7 мыңнан астам шетелдік азамат білім алды. Олардың арасында "Болашақ" бағдарламасымен оқып жатқан 7 қазақстандық бар.

Сонымен қатар біраз қазақстандық студенттер басқа бағдарламалар арқылы немесе өз қаражатымен оқып жатыр.