$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт қаупі бар – синоптиктер

AstanaTV
25.05.2025ж. 10:26
48
Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт қаупі бар – синоптиктер
Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатынын болжап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Семейде найзағай және секундына 15-18 метрге дейін жететін екпінді жел күтіледі.

Павлодар мен Ақтөбе облыстарында жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Қарағанды және Абай облыстарында найзағай, бұршақ, тұман, қатты жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Павлодар және Ұлытау облыстарында тұман, секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел және төтенше өрт қаупі болжанған.

Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында найзағай, бұршақ, жел, шаңды дауыл және төтенше өрт қаупі күтіледі.