$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Димаш 31 жасқа толды: Астанада арнайы бейнеролик көрсетілді

AstanaTV
25.05.2025ж. 12:07
63
Димаш 31 жасқа толды: Астанада арнайы бейнеролик көрсетілді

Қазақстанның әлемге танымал әншісі Димаш Құдайберген 2025 жылғы 24 мамырда 31 жасқа толды. Осыған орай елорда тұрғындары мен қонақтары ерекше құттықтау сәтінің куәсі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Jibek Joly телеарнасының бастамасымен Астанадағы «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының алдыңғы бетінде орналасқан ірі медиаэкранда Димашқа арналған бейнеролик көрсетілді.

Құттықтау бейнеролигі 24 мамырда кешкі уақытта көрсетілді. Экрандағы роликте әншінің шығармашылығына құрмет көрсетіліп, туған күнімен құттықтау жазбалары жарияланды. Бұл акция әлеуметтік желіде кеңінен таралып, ел тұрғындарының қолдауына ие 

Димаш Құдайберген – Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің музыка сүйер қауымына танымал орындаушы. Ол:

 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген

Әлемге I Am a Singer қытайлық музыкалық жобасы арқылы танылды

Бірнеше октавадан тұратын ерекше вокал диапазоны бар

Нью-Йорк, Мәскеу, Париж, Бейжің сияқты қалаларда жеке концерттер беріп, миллиондаған тыңдарман жинады

Қазақстан атынан халықаралық сахналарда музыкалық елші рөлін атқарып жүр