Таиландтың Прачуапхирикхан провинциясында бүгін, 24 мамырда Bell 212 үлгісіндегі полиция тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Matichon басылымы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Хуахин курорттық қаласынан 40 шақырым оңтүстікте орын алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан үш адам қаза тапты. Тағы бір адам тікұшақтан парашютпен секіріп аман қалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін, 17 мамырда Финляндияда екі тікұшақтың соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тапқан еді. Бұл оқиға әскери техникаларға қатысы жоқ деп мәлімдеген Финляндияның Қорғаныс министрлігі.