$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана күніне орай «Нұржол» бульвары заманауи өнердің орталығына айналады

AstanaTV
05.07.2017ж. 20:00
4148
Астана күніне орай «Нұржол» бульвары заманауи өнердің орталығына айналады

Астана күніне орай сол жағалаудағы әйгілі «Нұржол» бульвары заманауи өнердің орталығына айналады. Қазақстандық және шетелдік суретшілер мен әншілер, өнер саласының мамандары келушілерді таң қалдырмақ. Astana Art Fest фестивалі биыл Nomad Energy тақырыбын таңдаған. Халықаралық шара елордада осымен 3 рет өткізіліп жатыр. Дәл қазір студиямен тікелей байланыста әріптесім Айбек Қосан. Айбек, қайырлы кеш!  Бірегей бастамаға қатысушылардың дайындығы қандай?

Амансыз ба, Оксана! Иә, Астанаға келіп тұрып, мереке қарсаңында бульварға соқпай кеткен қонақтар көп дүниеден құр қалады. Себебі алыс-жақын шетелден келген 72 автордың 50-ге жуық туындысы осында қойылыпты. 90 күнге созылатын фестивальдің ең атаулы күндері дәл осы Астана күнімен байланысты. Ұйымдастырушылардың дайындығы кіре берістен-ақ байқалады. Мына интерактивті жарықтар жақындаған сайын, жарқырай түседі. Яғни адамның жылуын сезеді Әрі қарай өткен қонақтар бірден авторлардың еңбектерімен таныса бастайды. Осы ретті бізге фестивальдің арт жетекшісі Аида Әділбековамен сұхбаттасудың реті келіп тұр. Аида, ертең бульварға келетін халықты не күтіп тұр? Қандай ерекше тосын сыйлар дайындап жатырсыздар?

Аида Әділбекова, фестивальдің арт жетекшісі:

Бәйтеректен басталған қойылымдардың соңы Хан шатыр ойын-сауық орталығына дейін 1 шақырымдай аумақты алып жатыр. Бұл жерден шетелдік туристерден бастап еліміздің әр өңірінен келген қонақтарды да көзіміз шалады.

- Фестиваль ұнап жатыр ма? - Қайдан қыдырып келдіңіздер?

Фестиваль аясында қойылған жұмыстардың әрқайсысы белгілі бір ойды жеткізу. Сондықтан, егер жол түсіп бульварға жолыңыз түссе, әрқайсысымен танысуға кеңес береміз.