Павлодарда таксиде өрт болып, екі баласымен бірге әйел адам ауруханаға түсті. Оларға күйік шалу диагнозы қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік Олжабай батыр көшесінде өртке оранған. Осы кезде такси салонында ерлі-зайыпты мен екі кішкентай бала болған.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды бірден ауыздықтап, жарылысқа жол бермеді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетті", – деп хабарлайды өңірлік ТЖД.
Көлік жүргізушісі, сондай-ақ екі баласымен бірге әйел адам ауруханаға жеткізілді.