$510.84 €579.7 ₽6.39
×

Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

AstanaTV
25.05.2025ж. 22:31
73
Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы «Alash Pride» лигасының президенті Әлімжан Бектайев мәлімдеді, деп хабарлайды Sportnews.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, «Темір Майктың» қарсыласы ретінде Қазақстанға ММА аңызы Фёдор Емельяненконы шақыру жоспарланып отыр.

Біздің жоспарымызда Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бар. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз Майк Тайсонды шақырғымыз келетін турнир желтоқсан айына жоспарланған, – деді Әлімжан Бектайев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Майк Тайсонның кәсіби мансабында 50 жеңіс (оның 44-і нокаутпен) және 7 жеңіліс бар. Өткен жылы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Джейк Полмен өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалған еді.