$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Студенттер мінген автобус апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

AstanaTV
26.05.2025ж. 14:11
122
Студенттер мінген автобус апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

Колумбияның батысында студенттерді тасымалдап бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Александр фон Гумбольдт университетінен хабарлады. Қаза тапқандардың барлығы — осы оқу орнының студенттері мен қызметкерлері.

Университет ректоры Диего Харамильо Лопестің мәліметінше, автобуста 22 студент, екі оқытушы және бір байланыс бөлімінің қызметкері болған.

«Апат салдарынан жеті студент пен университеттің үш қызметкері қаза болды», - деді ол.

Ал Caracol телеарнасының мәліметі бойынша, қаза тапқандардың ішінде сегіз студент бар.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, студенттер тәжірибе жинақтау курсынан қайтып келе жатқан кезде автобус көпірдің қоршауына соғылған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.