$512.16 €580.94 ₽6.39
×

Биыл ауыл шаруашылығы санағы өтеді

AstanaTV
26.05.2025ж. 15:42
261
Биыл ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Қолында санаулы малы бар адам да, ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысуға міндетті. Ұлттық статистика бюросы өкілдерінің ақпарынша, биылғы санақ 2 млнға жуық үй шаруашылығы, 300 мың ауыл шаруашылығын қамтымақ,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетін санақ екі кезеңге бөлінеді: Алдымен sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. Кейін интервьюерлер 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында үй шаруашылықтарын жеке аралайды. Санаққа шаруа және фермер қожалықтары, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар мал ұстайтын немесе жері бар жеке үй шаруашылықтары қатысуы тиіс.

Сауалнама барысында азаматтардан жер, мал, техника, еңбек ресурстары мен шаруашылықтың басқа да қырлары туралы ақпарат сұралады. Барлық мәліметтер құпия сақталмақ.

Мақсат Тұрлыбаев, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:

Екі мың жиырма бесінші жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы қазақстанның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық маңызы бары іс-шара екенін тағы бір айтамын. Алынған деректер тиімді мемлекеттік саясат пен барлық деңгейдегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға негіз болады.