$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Пышақтап кеткен: Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

AstanaTV
26.05.2025ж. 16:14
124
Пышақтап кеткен: Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінен 12 жерінен пышақталған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марқұмның денесін ғимараттағы өртті сөндіріп жүрген мамандар анықтаған. Сағат 4:00 шамасында қылмыскер ізін жасыру үшін өрт қоюы мүмкін. Әзірге оқиғаның мән-жайы толық жария етілмеді. Ал жергілікті полиция қылмыстық істің басталғанын хабарлады

 «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ізін суытпай, қылмысқа күдікті 23 жастағы ер азамат ұсталды. Қазіргі кезде қамауға алынды. Тергеу амалдары жүруіне байланысты жедел іздестіру іс-шаралары жарияланбайды», – деді Криминалды полиция басқармасының бастығы Дәурен Сәкенов.