$512.66 €580.59 ₽6.45
×

Отандық медициналық қызметті 45 елдің азаматы пайдаланды

AstanaTV
27.05.2025ж. 00:10
131
Отандық медициналық қызметті 45 елдің азаматы пайдаланды

Елімізге емделу үшін келетін туристер қатары артты, деп хабарлайды 24 kz. Былтыр 45 елден 80 мың емделуші келді. Бұл туралы Қазақстандағы медициналық туризм қауымдастығының президенті Кристина Кривец мәлімдеді.

Елде ем алатын шетелдік науқастардың басым бөлігі ТМД аумағынан. Дені Ресейден келеді. Олар әдетте тісін емдетеді. Жүрек пен буындарына операция жасатады. Операция демекші, өзбекстандық науқастар да қазақстандық хирургтардың көмегіне жүгінеді. Қырғызстан мен Тәжікстаннан келетін науқастардың да саны көбейіп жатыр. Өйткені оларда жоқ қызмет пен заманауи жабдықтар бізде бар.

Білікті дәрігерлер білімін шет елдерде жетілдіреді. Сондықтан болар, Қытай, Германия, Австрия сияқты елдерден келетін науқастар қатары жыл сайын артып жатыр. Оларға нейрохирургия, кардиохирургия, репродукті медицина, ортопедия және стоматология бойынша ем-дом көрсетіледі.