$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтөбенің жас ғалымдары партиялықтарға өз жобаларын таныстырды

AstanaTV
05.07.2017ж. 20:00
2827
Ақтөбенің жас ғалымдары партиялықтарға өз жобаларын таныстырды

Ақтөбе облысында құрылыс саласына жаңа технологияларды кеңінен енгізуге баса мән беріліп келеді. «Ақылды үйлер» салынып жатыр. Сондай-ақ бұл бағытта еліміздің 4 қаласында 38 жоба іске асырылуда.

«Нұр Отан» партиясы "Жоғары технологияларды дамыту" бағытындағы комиссиясы мен ақтөбелік жас ғалымдар кеңесінің бірлескен отырысында осындай ақпар айтылды. Инновациялық технологиялар саласындағы жұмыстарға қолдау көрсету мақсатындағы жиында жаңа технологияларды енгізу жайы қаралды. Ақтөбедегі жоғары оқу орындарының бірінде «Зерек» технопаркі жұмыс істейді. Құрамында 17 зертхана бар. Жас ғалымдар өз салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Дмитрий Довматенко, «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасы «Жоғары технологияларды дамыту» комиссиясының төрағасы:

«Нұр Отан» партиясы - Қазақстанның дамуындағы қозғаушы күш. Бұл бағытта жаңа технологияларды енгізу ісі де аса маңызды. Жаңа технологиялар жыл сайын игерілуде. Бұл біздің жас мемлекетіміздің алға жылжып келе жатқанын көрсетеді. Яғни кәсіпкерлер мен жас ғалымдар көп нәрсе үйренуде.