$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Астанада жасырын ет цехтары әшкереленді

AstanaTV
26.05.2025ж. 17:12
107
Астанада жасырын ет цехтары әшкереленді

Астанада жасырын ет цехтары әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада өткен "Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз жұмыс істеген ет өңдеу және сату цехтарын анықтады. Тексеру кезінде гараж түріндегі үй-жайда 39 жастағы азамат ет өнімдерін санитарлық талаптарға мүлде сай келмейтін жағдайда өңдеп жатқаны белгілі болды.

Оқиға орнынан тәртіп сақшылары жалпы салмағы 600 келіден асатын ірі қара мен жылқы етін, сондай-ақ тартылған етке арналған шикізатты тәркіледі.