Алматы облысында 11-сынып оқушысы құрдасына шампур тығып өлтірді деген күдікпен қолға түсті. Оқиға Қаскелең қаласында болған. Түлектер әлдебір нәрсеге келіспей, дау туындапты. Ашуға булыққан күдікті кәуап пісіруге арналған шампурды марқұмның сол жақ кеуде тұсына тығып алған. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. Айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.