$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Павлодарда өрттен бір отбасының төрт бірдей адамы күйіп қалды

26.05.2025ж. 20:00
105
Павлодарда өрттен бір отбасының төрт бірдей адамы күйіп қалды

Павлодарда өрттен бір отбасының төрт бірдей адамы күйіп қалды. Жүріп келе жатқан такси аяқ асты өртке оранған. Салдарынан жүргізуші мен 4 жолаушыны күйік шалды. Зардап шеккен ерлі-зайыпты мен 2 баласы ауруханаға жатқызылды. 2 және 9 жастағы бүлдіршіндердің беті, қолы, иығы күйіп қалған. Дәрігерлер науқастардың жағдайы қалыпты екенін айтты. Ал 34 жастағы отағасының қолы күйсе, 33 жастағы әйел адамның денесінің 30 пайызы күйген.

АСХАТ МҮРСӘЛІМОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

30 пайыз бұл ауыр дәреже болып есептелінеді. Күйігі 2-3 дәрежелі. Өміріне қауіп келіп тұрған жоқ қазіргі жағдайда. Реанимацияда 2 тәулік болды. Бүгін күйік бөлімшесіне көшірілді.