$518.81 €596.27 ₽6.63
×

Ақтөбеде ерлі-зайыпты зейнеткерді өлтіріп, қызын кепілде ұстаған күдіктіге қатысты сот басталды

26.05.2025ж. 20:00
99
Ақтөбеде ерлі-зайыпты зейнеткерді өлтіріп, қызын кепілде ұстаған күдіктіге қатысты сот басталды

Ақтөбеде екі бірдей қарияны жауыздықпен пышақтап өлтіріп,қыздарын қинап кепілде ұстаған сотталушыға қатысты сот басталды. Марқұмның жақындары сотталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрайды. Оған қатысты үш бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске сала кетейік,бұл қанды оқиға биыл қаңтарда болды.41 жастығы күдікті Мәскеу ауданындағы жеке баспананың жазғы үйінің терезесін бұзып кіріп, ол жерге бір зат алуға келген 66 жастағы зейнеткерді 20 жерінен аяусыз пышақтап, өлтірген. Артынша оны іздеп келген қызының ауызын матамен жауып, қол аяғын байлап, бірнеше сағат кепілде ұстаған. Оларды іздеп кірген 74 жастағы әкесіне бірнеше жерден пышақ салып, балталап, жертөлеге қаңсыраған күйі лақтырып тастаған.

ЕЛДАР ӘБИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Өзімен бірге алдын ала дайындап алып жүрген пышағымен Шаймағамбетованың денесіне өміріне қауіпті органдарың барлығына 20 дана яғни, кеудесінің алдынғы артқы беттеріне, кеуде, іштің тұстарына екі өкпесіне, жүрекке, жүрек қалтасына, қолқасына , бауырына, оң жақ,сол жақ қолдарына, мойындарына құлағына пышақ жарақатын салған.

Іс материалдарына жүгінсек, бұған дейін кепілде болған келіншек күдіктімен азаматтық некеде болған. Бірақ кейін екеуі келіспей қалып, қыз ата-анасының үйіне кетіп қалған екен. Сол күні кешке қарай бұл үйге марқұм болған зейнеткердің кәмелетке толмаған немересі туыстарымен олардан еш хабар болмаған соң, іздеп келеді.Олар қылмыстың үстінен түсіп, полицияға хабарлаған.

ДИНА ШАЙМАҒАМБЕТОВА, МАРҚҰМНЫҢ АПАСЫ:

Немереміз есікті ашты да ішіне полностью кірген жоқ. Бір аяғымен тұрып, айқайлап жіберді. «Ты кто» деп. Анара қолынан тартып шығарып, есікті жауып екеуміздің сүйреп ауланың сыртына қарай алып шықты. Сосын мен тумамның баласына звондадым. Анара полицияға хабарлады. Сонда бала не көрген? Бала жігітті көрген қолына пышақ ұстап отырған.

Артынша полиция келіп, бірнеше сағаттық келіссөзден кейін 41 жастағы келіншек кепілден аман шықты. Марқұм болған қариялардың жақындары күдіктіні өмірбойы бас бостандығынан айыруды сұрайды.

ЭЛЕОНОРА ӘЛИЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ:

Осы биыл апрелдің 24 күні 75 жасқа толатын еді. Сол тойға дайындалып жүргенбіз. Өкініштісі екі рет онкологиядан аман қалды. Турцияға барып емдедік. Сол осындай жалмауыз келіп, өмірін қиды. Зина апамыз қандай күшті еді.

АНАРА ТӘЖМҰХАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ:

Біз оған өлім жазасын талап етер едік. Өкінішке қарай ондай жаза жоқ. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраймыз.

Күдіктіге үш бап бойынша айып тағылып отыр.