Қарағандыда колледж студентін 5 бозбала зорлап кетті. Қызды құрбысы алдап апарған көрінеді. Оның үстіне ес түссіз жатқан жапа шегушіні видеоға түсіріп әлеуметтік желіге таратыпты.Бұл туралы біздің тілшілерге қыздың әкесі айтты. Оның сөзінше, 14- інші ақпан күні қыз бала бұрын оқудан шығып кеткен құрбысымен дәмханаға қыдыруға кетіп , артынша белгісіз пәтерде ес- түссіз табылған. Ол жерге қалай барғаны белгісіз. Тек оянған сәтінде құрбысы мен зәбір көрсеткен жігіттер түрлі дәрі беріп, үйден жарты күн бойы шығармай қойғанын біледі. Сөйтіп әрең босатып жіберген. Оқиғаны қыз 11 күннен соң ғана айтып берген. Ата- анасының айтуынша, психологтың көмегіне жүгініп әлі күнге дейін оңала алмай жүрген көрінеді.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӘКЕСІ:
Кәмелетке толмаған 5 бала қызымды ойларына келгенін істеп зорлаған. Коктейліне қандай да бір дәрі ма қосып берген деп ойлаймыз. Әділдік керек бізге.Ешқандай да ешкімді қаралап жатқан жоқпыз. Әркім өз жазасын тартса екен сол біздің айтатынымыз.
Оқиғадан кейін күдіктілердің барлығы ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. 3 жігіт қамалған. Ал қалған екеуі мен жапа шегушінің құрбысы іс бойынша куәгер ретінде анықталып отыр. Зорланған студенттің ата- анасы олар жазадан сытылып кете ме деп қорқады.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша жан- жақты кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.Тиісті сараптама тағайындалып оның қорытындысы бойынша іс сотта жіберілетін болады. Қылмыстық істі тергеу Қарағанды облыстық полиция департаментінің қатаң бақылауында.