Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль Шырдабаевқа «Отан» орденін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановқа I дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады. Президент Равиль Шырдабаевты егемендік жылдарынан бастап елдік істерге белсене қатысқан әрі мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосқаны үшін, ал Серік Тоқпановты «алтын қолды хирург» ретінде айрықша құрметтейтінін айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қадірлі Равиль Тәжіқараұлы, халқымыз өзіңізді жақсы біледі. Айрықша құрметтейді. Сіз мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қостыңыз. Әсіресе, мұнай-газ саласын өркендетуге зор еңбек сіңірдіңіз! Құрметті Серік Имақұлы, сіз білікті дәрігер ретінде дүйім жұртқа қадірлі, силы азаматсыз. Саналы ғұмырыңызды ұлт саулығы үшін арнадыңыз.
Равиль Шырдабаев пен Серік Тоқпанов жоғары мемлекеттік марапаттарға лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.
РАВИЛЬ ШЫРДАБАЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Шын жүректен сізге алғыс айтамын. Халық үшін жасап жатқан игі жұмысыңыз жемісті болсын.
СЕРІК ТОҚПАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:
Енді мен өзім хирургия саласында 60 жыл жұмыс атқарам. Әлі күнге дейін операция жасап жүрмін. Жастарды үйретіп жүрмін. Енді қал қуатымыз бар әлі.