Орман – тек ресурс емес.Мемлекеттің қауіпсіздігі. Қостанайда Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысы өтті.
Ел аумағының 5 пайызын орман алқаптары алып жатыр. Оны көздің қарашығындай қорғау,молайту- мемлекеттің міндеті.Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы.Соңғы жылдары өрт қаупі сейілмей тұр. Абай, Қостанай облысында он мыңдаған алқапты қызыл жалын шарпыды.Қауіптің алдын алу үшін не істеу керек? Орман шаруашылығын қалай оңалтамыз? Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті өткізген жиын көп мәселе көтеріліп, талай түйткіл талқыға түсті.Тиісті министрлік бұл бағытта жүйелі жұмыс бастады дейді, комитет өкілдері. Қостанай төрінде өткен көшпелі отырысқа барлық облыстың жауапты басшылары онлайн қатысты.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жалпы қазіргі таңда осы материалдық -техникалық базаны нығайту,өртті алдын ала анықтау жүйелерін құру, кадр мәселесі, жалақы мәселесі және жалпы мына ғылыми түрде жұмыс жасап орманды молайту мәселелерінде кішкене кемшіліктер бар. Міне осының бәрін мамандармен, жергілікті әкімдіктермен, орман шаруашалығы мамандарымен, экология министрлігімен талқылап жалпы осы мемлекетімізде бір жүйелі жұмыс қалыптастыруымыз керек.