Алматыда 5 елдің қатысуымен дәнкерлеушілер байқауы басталды. Сайысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолиядан жиналған кәсіптік білім беру мекемелерінің педагог-шеберлері қатысады. Жалпы 10 команда, оның алтауы отандық дәнекерлеушілер. Бұл жарыс жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, олардың еңбегін елеусіз қалдырмау мақсатында ұйымдастырылған. Байқауда 12 қатысушы бақ сынасып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасады. Ережеге сәйкес, мамандар ең алдымен қалың темірлерді дәнекерлейді. Ал екінші модульде тот баспайтын болаттан дизайн құрайды. Соңғы кезеңде алюминийді әр қилы бағытта қыздырып, өңдейтін болады.
БАУЫРЖАН МҰХАММЕДЖАН, АЛМАТЫ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Жарысымыз өзі 3 күнге созылады. Мынау бүгінше үйрену тренингі өтіп жатыр қазір семинар өткізіп жатырмыз. Бұл құрғақ құрылыс және сылақ құзіреттілігі деп аталады. Бұл жерде гипсокартоннан қабырғаларды тұрғызып, оны бұрыштарын қорғау металлдарымен қорғатып, сылау жұмыстарын жүргізетін құзіреттілік боп саналады.