Жоғары білім беру жүйесінде тарихи жаңалық. Астанада алғаш рет Ұлыбританияның беделді оқу орны өз филиалын ашады. Биыл қыркүйекте жұмысын бастайтын кампус 2000-нан астам студентті қабылдауға дайын. Шетелдік университеттің филиалы толықтай ағылшын тілінде білім беріп, алғашқы жылы Foundation бағдарламасын ұсынады. Ал 2026 жылдан бастап компьютерлік ғылымдар, азаматтық құрылыс сынды мамандықтар бойынша бакалавриат бағдарламалары іске қосылмақ.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Бүгін өте үлкен министрлік үшін, жеке өзім үшін үлкен оқиға. Осы біздің үлкен арманымыз Қазақстанды халықаралық хабқа айналдыру жүзеге асырылып келе жатыр. 31 мың жарым шетелдік студент осы оқу жылы Қазақстанға келді.
ГЭВИН ШЭДДИ, ПРОФЕССОР, PHD ДОКТОРЫ:
Ұлыбританияда оқысаңыз да, Қазақстанда оқысаңыз да — білім беру жүйесі бірдей болады. Мұнда студенттер түрлі салада сапалы білім ала алады. Ешқандай айырмашылық жоқ, тіпті дипломдары да бірдей.