$512.66 €580.59 ₽6.45
×

Қызылордада «AMANAT» партиясының қолдауымен республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада «AMANAT» партиясының қолдауымен республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додада 12 ақын бақ сынап, «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» тақырыбында көсіле шапты. Кіл мықтылар сынға түскен бәйгеде ақындар Абай Құнанбайұылының туғанына 180 жыл, Қызылорданың ел астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын да сөздеріне арқау етті. Әр ақынға шапалағымен шабыт беріп, қиқулап отырған халықтың қарасы қалың болды. Айтыс «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды.

РҮСТЕМ ҚАЙЫРТАЙҰЛЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

«Супер дода» болып жатыр. Өйткені ақындардың құрамы «Менделеев» кестесі сияқты. Кілең, ең керемет Қазақстанда 10 ақын болса осында жүр деп айтуға болады. Халықтың ықыласы балға үймелеген баладай, әскерден анасын сағынған солдаттай деп айтуға болады. Халықтың көптігі, ентелеп, екіленіп отырған, қиқулап халықтың алдында шаппаудың өзі күнә.