Оралда халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионы және Әлем Кубогінің иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өтті. Жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 300-ге тарта спортшы бақ сынады. Турнирдің тағы бір ерекшелігі - татамидегі тайталаста бәскелесінен басым түскендердің арасында автокөлік ойнатылады. Осылайша шын мықтыны анықтап, Асқар Шайхиев сынды ел мақтанышын еске алып, жастарға үлгі етпекпіз, дейді ұйымдастырушылар.
НҰРСҰЛТАН ЗАЙЗАҒАЛИЕВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ:
Бұл жарысқа дайындалып келе жатқанымызға екі айдай уақыт болды. Жақсы дайындықта болғаннан кейін Аллахтың қалауымен ешқандай шаршау болған жоқ, жақсы болды. Өзіме жеңіл белдесулер болды жақсы дайындықпен келгеннен кейін.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірде дзюдо дамып келеді. Өйткені AMANAT партиясы Олимпиадалық спорт түрлеріне қатысты жол картасын қабылдап, облыста спорт кешендерінің салынуына түрткі болды. Осылайша көптеген ауылда спорт залдары бой көтерді. Бұл партияның бұқаралық спорт түрлерін дамытуға күш салып отырғанын білдіреді.
РУСТАМ ШАЙХИЕВ, БҚО ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл жарыс жалпы облысымыздың дзюдосының деңгейін көтеруге арналған жарыстардың бірі. Чемпиондар мастерлік норматив орындайды. Ұлттық құрамаға енуге мүмкіндік беретін ірі турнирлердің бірі.