Ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтік желілерде шетелдік және отандық жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін делдал ұйымдардың қызметіне қатысты шағымдардың көбейіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Мұндай ұйымдар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын оқу орындары болып саналмайды және міндетті лицензиялауға жатпайды, - деді комитет басшысы.
Министрлік азаматтарды білім беру қызметтерін таңдауда абай болуға, шарт жасасу кезінде мұқият болуға және қажет болған жағдайда тиісті құзырлы органдардан кеңес алуға шақырады.