$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Көшеден өтіп бара жатқан балаға садақ оғы тиген

AstanaTV
27.05.2025ж. 12:52
103
Көшеден өтіп бара жатқан балаға садақ оғы тиген
Фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі орталық стадионда болған оқыс оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға мүгедектігі бар адамдарға арналған садақ ату секциясының жаттығу сәтінде болған. Жебелердің бірі траекториясынан ауытқып, жаттығу алаңынан шығып кеткен. Сол сәтте стадион маңынан өтіп бара жатқан жасөспірімге садақтың жебесі тиді.

«Орталық стадион аумағындағы аталған секцияда садақпен ату кезінде бір жебе бағытынан тайып, алаң сыртына ұшып кеткен. Нәтижесінде ол стадион жанына өтіп бара жатқан балаға тиген», – деді Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.

Жарақат алған бала шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін және өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады. Қазіргі уақытта полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты себептерін анықтауға кірісті.