Танымал әнші Ерке Есмахан үйін жинатамын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі клининг компаниясының директоры Нұрхан Нұрмаханбетті командасымен шақырып, үйін тазалатқан еді.
Алайда әншінің оқырмандары әлеуметтік желіге салу әбестік екенін ескерткен. “Қазақпыз ғой, осындай адам жұмсағанды салмаған дұрыс. Ол саған малай емес. Оның да ағайыны көреді”, – деп жазды желі қолданушысы.
Одан кейін эстрада жұлдызы жарнама үшін түсіргенін айтып ақталды.
“Бұл жұмыс, таза еңбек, жарнама үшін түсірдік дегенді қалай түсіндірсек екен. Мен түсірсін деп жинап жүр, негізі. Адам намыстанбай, білмегенін сұраса нұр үстіне нұр еді. Қазақтың әйелдері қарапайым дүниелерді білмей жатады. Менің үй тазалатқанымды талқылау тіпті ұят. Мен дүние жүзін аралап, жоқты да барды көргенмін. Бірақ асып-тасымаймын. Осы жетеді деп айта алмаймын. Әлі де ізденісте жүрмін. Сіздер де қазіргі заманның ағымынан қалмаңыздар”, – деп жазды әнші.