$512.16 €580.94 ₽6.39
×

Қазақстанда тағы алты мереке пайда болуы мүмкін

AstanaTV
27.05.2025ж. 17:21
82
Қазақстанда тағы алты мереке пайда болуы мүмкін
Фото: freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне тағы алты жаңа мейрамды қосуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Дәлірек айтқанда, министрлік елімізде мына кәсіби мерекелерді бекітуді ұсынып отыр:

  • Қазақстан кәсіпкерлері күні;
  • Қазақстанның қолөнершілер күні;
  • Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлері күні;
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні;
  • Кадр қызметі жұмыскерлері күні;
  • Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.

Бұдан бөлек, құжатта Энергетик күнінің датасын өзгерту көзделген. Бұйрық күшіне енсе, энергетика мамандары кәсіби мерекесін желтоқсанның үшінші жексенбісі емес, 22 желтоқсанда атап өтеді.

Бұйрық жобасы 12 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.