$511.37 €583.73 ₽6.46
×

Қазақстанда икемді жұмыс уақытын кім қолдана алады?

AstanaTV
27.05.2025ж. 18:29
133
Қазақстанда икемді жұмыс уақытын кім қолдана алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Данияр Балтабай икемді жұмыс тәртібіне байланысты мәселелерді түсіндірді. Бұл әсіресе қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Икемді жұмыс уақытының негізгі мақсаты – жұмыскердің әлеуметтік және тұрмыстық қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыс берушінің өндірістік талаптарымен үйлестіру.

Икемді жұмыс кестесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:

Жұмыскер міндетті түрде жұмыс орнында болуы тиіс белгілі бір уақыт кезеңі;

Икемді уақыт – қызметкер өз міндеттерін қашан орындауды өз бетінше шешеді;

Жұмыс уақытының орындалуын бақылау үшін есептік кезең белгіленеді, оның ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс.

Икемді кесте бойынша күнделікті немесе апталық жұмыс уақыты белгіленген нормадан өзгеруі мүмкін, яғни жұмыс уақыты қысқа немесе ұзақ болуы ықтимал.

Жұмыс беруші ішкі актілерінде немесе еңбек не ұжымдық шарттарында осы кестені енгізу тәртібі мен есептік кезеңнің ұзақтығы айқындалады.