Көкшетауда энергетикалық сусын ішкен 16 жастағы жасөспірімнің асқазаны күйіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жасөспірім қатты іш ауруымен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Көкшетаудағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлерінің айтуынша, жасөспірімнің энергетикалық сусындарды жиі тұтынуы ішкі ағзалардың ауыр зақымдануына әкелген.
Дәрігерлер лапароскопиялық ота жасап, жараны тігіп, іш қуысын іріңнен тазалап, дренаж қойған. Ота сәтті өтіп, жасөспірім аман қалды, алайда оны алда ұзақ қалпына келу кезеңі күтіп тұр.
"Жасөспірімде асқазанның тесілуінен пайда болған жара (перфоративті жара) және іріңді перитонит анықталды. Мұндай ауыр диагноздың басты себебі – энергетикалық сусындарға әуестік. Жасөсріпім алда ұзақ әрі қиын қалпына келу кезеңінен өтеді, денсаулығы бұрынғыдай болмайды. Асқазанда тыртық пен жара орны қалады", – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Ернар Қожабеков.