Трамп Байденге тыныштық берер емес. Былықтырмаған тірлігі жоқ, соның барлығын өзім түзеуге мәжбүрмін, - дейді Ақ үй басшысы. Ал, Украина Президенті Владимир Зеленский болса, Трамптың қалай Путинге алданып жүргенін түсінбейтінін айтып ашынуда. Йерусалим – еврейлердің жері, бүкіл арабтарды қырып тастайық, - деген ұран Израильде күшейіп келе жатыр. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
АҚШ Экс-Президенті – Джо Байден қатерлі ісікке шалдықса да тыныштық жоқ. Күні кеше сауығып кетуін тілеген Трамп, енді оны сынға алды. Қаза тапқан америкалық сарбаздарды еске алу рәсімінде барлығы жайына қалды. Трамптың айтуынша, қазіргі ахуалға тікелей алдыңғы әкімшілік кінәлі.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл өте ауыр өткен төрт жыл болды. Алдыңғы әкімшілік біраз нәрсе былықтырды. Адамдар біздің шекараларымызды баса-көктеп өтіп жатыр. Олардың әрекетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұндай сорақылықты өмірімде көрмегенмін. Мен өзім уәде еткендей, Байденнің былықтарын ретке келтіремін.
Украина Президенті Владимир Зеленский қайтадан ашуын жасыра алмады. Ол Ресеймен арадағы келіссөздердің тұралап қалғанына наразы. Айтуынша, соғыстың жақын арада тоқтайтын түрі жоқ.
ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
Ресейден дипломатияға бағытталған әрекет мүлдем көріп тұрған жоқпын. Тіпті, үйреншікті жағдай десем де болады. Ресейдің қитұрқы әрекеттеріне әлемнің біраз елдері қалай сеніп қалғанын түсінбеймін. Біз ескертеміз, бірақ оны ешкім елеп жатқан жоқ. Олардың бар мақсаты – соғысты жалғастыру.
Арабтарды жаппай қырайық. Йерусалимнің Израильге тиесілі бөлігінің тұрғындары осыны талап етіп, наразылық акциясына шықты. Олар биліктен соғыс қарқынын бұдан да күшейтуді және Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы арабтарды ең кемі қуып жіберуді талап етуде. Израиль басшысының қалап отырғаны да осы секілді. Беньямин Нитаньяху, Йерусалим әрекез еврейлердің жері болған, - деп қойып қалды.
БЕНЬЯМИН НИТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Иерусалим біз үшін аса қасиетті қала. Ол бізге толыққанды тиесілі болуы керек. Біз бүкіл аумағымызды лаңкестерден тазалаймыз. Қасиетті жерде тек еврейлер қоныс тебуі керек. Мен бұл үшін аянбай еңбек етемін.
Чемпиондықтың буын су сепкендей басты. Англияда Премьер-Лигадағы жеңісті тойлап жатқан Ливерпуль фанаттарын көлік мінген қаскөй қағып өтті. Тіпті, басып өтуге де талпынды. Нәтижесінде, 47 адам жарақат алды. Оның 20-на оқиға орнында көмек көрсетілсе, 27-сі ауруханаларға жеткізілді.