Қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық банк өкілдерімен кездесуде осылай деді. Осындай кезеңде түбі бір түркі жұрты көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет екенін баса айтты. Қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту барысында орталық банктер негізгі рөл атқарып, экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады. Сондай-ақ, қаржы ұйымдары арасында кәсіби диалогтың кеңеюі түркі елдерінің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін берік негіз қалайды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Жиынның күн тәртібіне экономикалық үдерістерге, ақша-несие саясатына, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары және цифрлық активтері, яғни, қаржы технологияларын дамытуға қатысты өзекті тақырыптардың енгізілгені қуантады. Қазақстан бұл салада айтарлықтай жетістікке жетті. Атап айтқанда, барлық транзакциялар құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызды құрады. Біздің Ұлттық банк аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді.